Қоғам

Гендерлік теңдік пен отбасылық құндылық аражігі

  Қазіргі қоғамда адам теңдігі мен гендерлік теңдіктің аражігі айқындалмай тұр. Қоғам түйсінігіндегі тұлғалық еркін позицияны көп жағдайда «өзім білеміннің» эгосы басып кетіп тұр. Оған себеп, біздің қазақи менталитетке сай келмейтін шығыс пен батыстан келген еліктеушілік. Олардың «Мені осылай қабылда!» деген позициялық ұстанымы біздің көркем мінезділік пен сыпайылықтың алдын кесе көлденең кесіп отыр. Қазаққа жат осы әлеуеттік стереотиптер болашақ ұрпақтың санасын улайтыны анық.

Гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған көзқарас. Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Стратегия – мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі кезде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемді жұмыстар жүргізіп жатыр. Барлық қоғам өмірінің салаларында гендер түсінігі әйелдердің ғана емес ерлердің де тұлғалық ерекшеліктерін қорғайды. Бірақ өз менталитетімізге байланысты қарама-қайшылықтар кездеседі. Қазір көп отбасыларда түрлі жағдай боп жатады. Неге олай болып жатыр, неге ажырасу көп? Соның бәрі зерттеуді қажет етеді.Оның шешу жолдарын анықтау керек.Көпшіліктің түсінігінде бұл термин көбіне әйел мәселесі, әйелдің билікке таласуы деп қабылданады. Әр ұлттың өз менталитеті бар, біздің де өз менталитетіміз бар. Жалпы, гендер деген әйел адам мен ер адамның қарым-қатынасы. Ал, қазақта ер мен әйелдің қарым-қатынасы қандай болған, ер адамды сыйлау, үлкен адамды құрметтеу, қыз тәрбиесі тағы басқада құндылықтарды осы этногендерология арқылы көрсетеміз. Негізі көпшілік гендер деген нәрсені ер адамға қысым сияқты қабылдайды.Алайда, қазақ халқының өз гендері бар. Ал біз отбасы құндылықтарын сақтауымыз керек. 

    Қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту барлық дамыған елдерде бар қағидат. Мемлекет дамуының идеологиялық негізі болып табылатын зайырлылық –  осы! Біздің еліміздің жағдайында бірден-бір ыңғайлы, әмбебап әрі тарихи тұрғыдан қалыптасқан мемлекеттік сипаты. Сондықтан оның насихатталуы мен нығаюы қоғам тұрақтылығына сөзсіз игі әсер етеді. Осыдан туындайтын  ақпараттық-ағарту жұмыстарының басты мақсаты – қоғам мүшелеріне зайырлылық және дін мәселелері жөнінде сараланған, дұрыс, жүйелі, негізді көзқарастар қалыптастыру болуға тиіс. Дұрыс ақпаратпен қаруланған қоғам жүрер жолынан адаспайды, өмірлік бағыт-бағдарын өзі таңдайды. Халқымыздың заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар бойы келе жатқан әдет-ғұрпына, салт-санасына, үлкенге құрмет кішіге ілтипат, отбасында, қоғам ортасында мәдениетті сөйлеу қарым-қатынасына айрықша баға берген. Ел басқару ісіне де жіті мән беріп, қазақтың билері, ақсақалды қариялардың айтқан қасиетті сөздері, нақылдары, өсиеттері ел арасына кеңінен тарап, Конституция баптарындай бағыт беріп отырған. Біздің Ата Заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі», – деп нақты жазылған. Осы себепті қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыруға құқы бар. Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен адам өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.  Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеріне сенуіміз керек. «Адамның күні адаммен» дейді атамыз қазақ.                                

      Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға қажыр, денемізге қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді.  Дәл қазір бүкіл адамзат жолайрықта тұр. Әлемдік геосаясатты, экономиканы, экологияны, қоғам өмірінің сан алуан саласын қамтып, тізбектеле келген, бұрын-соңды болмаған проблемалар әлем мемлекеттерінің қарым-қатынасын да өзгерте бастады. Үнді халқының ұлы гуманист қайраткері Махатма Ганди: «Әлемді өзгерту үшін әуелі өзіміз өзгеруіміз керек», – деген екен. «Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ», – деген екен әйгілі данышпан Төле би. Береке-бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайды. Біз үшін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап күткен, 30 жылға жуық уақыт бұрын қолымыз жеткен азаттықты мәңгі баянды етуден асқан мұрат жоқ. Қазақстан – халқымыз тату-тәтті және келісімде өмір сүріп жатқан ортақ шаңырағымыз. Бұл – Елбасы саясатының маңызды жетістіктерінің бірі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытты әрі қарай жалғастыруда. Келісім мен бірлік – мемлекеттің тұрақты дамуы және барлық азаматтың өмірін жақсарту үшін қажетті біздің қоғамдағы басты құндылықтар. Қоғамда барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтары сөз болғанда мына жайт еске түседі. Қазақтың тарихи ұлттық толеранттылығы өзінің басты сипатымен ерекшеленеді. Қазақтың ұлттық толеранттылығы тұйық емес, ашық, қонақжай, адамдарды жақындастырады, яғни адамдарды ажыратпайды. Қарым-қатынасқа дайын екендігін көрсетеді. Бұл қазақтардың жер аударылған халықтарды қалай қарсы алғандығынан айқын көрінеді. 

    Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің адам қарым-қатынасындағы рөлі. Алайда,бір мақсат, бір мүдде үшін адамдардың бірлесіп өмір сүруі, яғни қоғам болып үйлесуі рухани және материалдық құндылықтарға негізделеді. Адамгершіліктің өлшемі саналатын рухани құндылықтарға отбасы, махаббат, достық, өзін өзі тану, дін, дәстүр жатады. Ал үй, жақсы жұмыс, қаржылық еркіндік сияқты материалдық игіліктер тұлғаның әлеуметтік мәртебесін қалыптастырады. Сондай-ақ бостандық, адамның қадір-қасиеті, теңдік және ынтымақтастық, демократия және заңның үстемдігі – қоғамның маңызды құндылықтары.Қоғамның игілікке ұмтылып, алға жылжуы үшін дәстүрлі құндылықтар мен жаңғырған құндылықтардың тепе-теңдігін сақтау қажет. Мәселен, отбасы, ата-аналар мен балалар арасындағы байланыс, үлкенге құрмет, тағы басқа құндылықтар мен бәсекеге қабілеттілік, шет тілдерін меңгеру, инновациялық ойлау сияқты қасиеттерді қатар алып жүру керек.  Отбасы – тұлғаның қалыптасуында ең маңызды құндылық. Бұл құндылық дәстүр мен ұстанымдарын сақтай отырып, екінші жағынан жаңғырту үдерістеріне үйлесу керек-ақ. Қазір қоғамда отбасының жаңа форматы, ерлер мен әйелдердің жаңа рөлі, жаңа нормалар мен ережелер қызу талқыланып жатыр. Отбасы институтының болашағы қалай болмақ, қоғамның қандай форматтары өзгермейді, қазіргі қоғамға қалай бейімделу керек, қандай дәстүрлі құндылықтарды сақтау маңызды? Осы сұрақтарға жауап іздеу бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр.

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директоры орынбасарын ұрып өлтірді

azatmedia

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

azatmedia

Алматы: Баласын өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған

azatmedia