Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ КОНКУРСТАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТУДЕ

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен «Мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне» бірқатар өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістердің басым бөлігі мемлекеттік қызметке қабылдану барысындағы әңгімелесу рәсімдерін жеңілдетуге қатысты.
Бүгінгі таңда мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткер кез келген азамат конкурсқа құжаттарын электронды түрде жолдап, әңгімелесу рәсіміне мемлекеттік органға келу қажеттілігінсіз үйінде отырып қашықтықтан онлайн түрде әлеуметтік желі қосымшалары (Zoom, Skype, Whatsapp т.б.) арқылы қатыса алады. Бұл өз кезегінде үміткерлердің уақыты мен қаражатын үнемдеуге ықпалын тигізгенін атап өткен жөн.

«Мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне» өзгерістер енгізу уақыты еліміздегі төтенше жағдаймен тұспа-тұс келді. Сол себепті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті тарапынан қаладағы мемлекеттік органдардың 30 мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурстар жарияланып, барлық конкурс кезеңдері толықтай онлайн режимде өткізілді.

Мәселен, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс арқылы бас маман болып тағайындалған Е.Әбілмәжінов: «Бұл өзгерістер әңгімелесу рәсіміне кез келген жерден қатысу мүмкіндігін беріп, маған қатысу үшін өте ыңғайлы болды. Себебі карантин кезінде конкурсқа үйден шықпай құжаттарымды тапсырып, әңгімелесу рәсіміне қатысу мүмкіндігін тудырды» – деп, оң пікірін білдірді.
Бұдан бөлек, әрекетке қабілетті әрбір кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматы әңгімелесу рәсіміне байқаушы есебінде қатыса алады.

Осы ретте Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратында өткізілген конкурсқа онлайн режимде байқаушы есебінде қатысқан азаматша М.Ергашева конкурста үміткерлерге лауазымдарына сәйкес сұрақтар қойылып, ашық түрде айқындалған тәртіппен өткендігін мәлімдеді. Одан бөлек онлайн режимде өткен әңгімелесу конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтірмегенін атап өтті.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілетін барлық конкурстардың заңға сәйкес және қабылданған ережелерге сай өткізілуі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменттің басты назарында. Енгізілген өзгертулер азаматтар үшін мемлекеттік қызметке орналасу рәсімін жеңілдетеді және өткізілетін конкурстардың ашықтығына кепіл болары сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру