Соңғы жаңалықтар

«ҮЗДІК ЕҢБЕК ӘУЛЕТІ» ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

Шымкентте №65 мектеп-гимназиясы ғимаратында орналасқан №146 сайлау учаскесіне «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Аубакировтар әулеті дауыс беруге келді. Байланысшылар династиясы атанып кеткен Аубакировтар отбасы жуырда Шымқалада өткен «Еңбек жолы» байқауында жеңімпаз атанған болатын.

Ата, бала, немере. Бір әулеттен шыққан аталы-немерелі байланысшылардың еңбек өтілі ғасырға жуық уақытты құрап отыр.

–Байланыс саласында 35 жылдан астам еңбек еттім. Елімізде болып жатқан әрбір маңызды шараларға атсалысып, азаматтық міндетімді орындап келемін. Осындай тарихи сәттегі науқанда отбасымызбен бірге келіп, дауыс бердік. Балаларым, немерелерім – бәріміз өз таңдауымызды жасадық, – деді Үсенхан Жақыпұлы.

Айта кетейік, №146 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07:00-ден бері 1200-ге жуық сайлаушы дауыс берген.

«Шымкент келбеті»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда жаңа телеарна ашылады

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia