Соңғы жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЛА» ЖЕҢІМПАЗЫ ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласының тұрғыны Қарлығаш Рахиева №91 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Қ.Рахиева жуырда Шымкент қаласында өткен «Таза қала» байқауында жеңімпаз атанған болатын. Әл-Фараби ауданындағы ең таза, ең көрікті аула осы – Қарлығаш Рахиева тұратын Әлімбетов көшесіндегі №45 в тұрғын үйдің ауласы.

– Қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген азаматшалардың бірімін. Мен тұратын көпқабатты үйдің тұрғындары белсенді, ынтымақты, жауапкершілігі мол жандар. Тұрғындар әр бастамамызды қолдайды. Бүгін біз көршілерімізбен бірге келіп, даусымызды бердік, – деді қала жанашыры.

Қаламыздың көркейіп, абаттануына үлес қосып жүрген қала тұрғыны сайлауда белсенділік танытып, қала тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырды.

Атап өтсек, үлгілі ауланың тұрғындары бұл күні көршілерімен бірге аулада сенбілік ұйымдастырып, тазалыққа жаны жақын екенін тағы бір көрсетті.

«Шымкент келбеті

Қатысты жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ИСЛАМ ОРТАЛЫҚТАРЫ БОЙ КӨТЕРДІ

azatmedia

Қоғам белсендісі: «Білім жүйесі қирап жатыр»

azatmedia