Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: МАЛ ӨЛЕКСЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖОЙЫЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған 5 ауылдан шығарылған мал өлекселері толығымен жойылды. Бұл аумақтарда мал ауру түрлерінің таралу қауіпі жоқ. Бүгін бұл туралы Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Арман Тағаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн режимдегі брифингте мәлімдеді.
Оның сөзінше, топан су басқан ауылдардан жалпы 931 бас мал өлексесі шығарылған. Оның 40-ы ірі қара, 876-сы уақ мал, 9-ы жылқы, 6-уы түйе.
«Төтенше жағдайдан келген зардаптарын жою мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы және Мақтаарал аудандық «Ветеринариялық қызметі» өкілдерінен арнайы комиссиясы құрылған болатын. Жұмыс барысында мал өлекселерінің саны анықталып, оның көпшілігі Өзбекстаннан ағып келгені белгілі болды. Қазіргі таңда мақтааралдықтардың 46 бас ауыл шаруашылығы жануарлары мен 98 бас үй құстары өлгені анықталып отыр. Кеткен шығын толығымен есептеліп, нәтижесінде 10,6 млн. теңге облыстық қордан төлеу жолдары қарастырылуда», – деді А.Тағаев.
Бүгінгі таңға топан су шайған аймақтарда аурудың таралуын болдырмау мақсатында 1 018,5 мың шаршы метр аумақ залалсыздандырылған. Бұл жұмыстарды атқаруға барлығы 39 маман мен 16 техника жұмылдырылыпты. Сондай-ақ, ауданда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өлекседен тазартылған аумақтарды 3 пайыз каустикалық содамен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру