Соңғы жаңалықтар

Миссионерлердің Қазақстанға келуі

Миссионерлік ұйымдарға жіберетін елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды.

Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тілін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады. Көптеген миссионерлер жергілікті халық көп тұратын елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметкері табысты жұмыс атқаруы үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді.

Миссионерлердің Қазақстанға келуін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең ХХ ғасырдың 30-50 жылдарда басталды. Осы кезеңде Қазақстан аумағына діни оқуларды жүргізушілер келе бастады, олардың қатарында Иегова куәгерлері, Адвентистердің жетінші күні, Елуіншілер, т.б. бар. Бұл кезеңнің ерекшелігі Кеңес Одағында коммунистік партия қатаң атеистік саясат жүргізді. Соған қарамай көптеген діни секталар астыртын қызмет жасай берді.

Екінші кезең ХХ ғ-дың 60-80 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде атеистік саясат одан әрі дамыды. Бірақ 30-50 жылдардағыдай саяси қуғын-сүргіндер болмады. Көптеген секталар астыртын жұмысын жалғастыра берді.

Үшінші кезең ХХ ғ-дың 80 жылдарының соңынан бастап осы күнге дейін созылып отыр. Кеңес Одағында 80 жылдарының соңында саяси және идеологиялық плюрализм ендірілді. Әртүрлі діни ағымдар, секталар Кеңес Одағына соның ішінде Қазақстанға топтап кіре бастады. 1991 жылы КСРО құлады, коммунистік  идеология күйреді. Алғашында 1992 жылы 15 қаңтарда  қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы дәстүрлі емес діндердің елімізге келуіне құқықтық жағдай жасап берді.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Алматыдағы жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды (видео)

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕГІ «ФОСФОР» АУРУХАНАСЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР РЕТІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

azatmedia

ТӘУЛІККЕ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ПӘТЕРЛЕР БОЙЫНША РЕЙД ӨТТІ

azatmedia