Санатталмаған

«ТЫҢДАУ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әрбір азаматқа мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге және қолжетімді цифрлық мемлекетті құруға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін «Тыңдау» бірегей жобасын іске қосты.

«Электрондық үкімет» порталында жұмыс процестерін жақсарту бойынша алғашқы ұсыныстар туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова фейсбуктегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте, Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру. Сондықтан мемлекеттік аппарат әр сала бойынша бірінші кезекте халықтың пікірін барынша ескеруі тиіс.

 «Тыңдау» жобасы ерікті-қолданушылар пікірі аясында құрылған. Жобаға қатысу үшін электронды қызметті алу талап етіледі және барлығын tyndau.kz сілтемесі бойынша онлайн-анкетада белгілей отырып оның әрбір қадамын бағалау қажет.

Бұдан бөлек, Агенттік тек мемлекеттік қызметтерге шағым жинамайтынын, біздің негізгі мақсатымыз – проблемалы жерлерді анықтап, тиімді кері байланыс орнату болып табылады. Жинақталған мәселелер базасына біз талдау жасап және мемлекеттік органдарға қажетсіз қадамдарды жою, халықтың мемлекеттік қызметтерді алу процестерін жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар беретін боламыз.

Өткен аптада біз «Тыңдау» жобасын іске қосып және пробациялау мақсатында екі қызметті таңдап алдық. Олар паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі.

Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша азаматтардан ұсыныстар жинау жалғасуда.

Бүгін осы жоба аясында еріктілердің ішінен алғашқы фокус-топ құрылды және ұсыныстар жинау жүргізілуде.

Мысалы, «электрондық үкімет» порталында жұмыс процестерін жақсарту бойынша автоматты түрде теру және тек ЖСН-ді терген кезде азаматтың деректерін (аты-жөні, туған жылы мен жері) тартуға қолжеткізетін жасанды интеллект негізінде арнайы қосымшалар, жүктелетін сканерленген құжаттар мен фотосуреттерді (3х4) жүйеге қажетті форматтарға автоматты түрде келтіру үшін түрлендіруге арналған көмекші қосымшалар бойынша ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ автоматтандырылған қызметтердің жұмысқа қабілеттілігін тестілеу, ЭЦҚ немесе бір рет қолданылатын пароль көмегімен авторизациялау немесе қол қою кезінде туындайтын ақауларды анықтау жүргізіледі.

Фокус-топтың қатысушылары ұсыныстарын «электрондық үкімет»  порталындағы, мобильдік нұсқасы мен телеграмм боттағы жұмыстың бейне жазбалары мен жұмыс беттерінің скриндері түрінде енгізіледі.

Алдағы уақытта электрондық қызметтер бойынша тиісті материалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары мүдделі органдармен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ете отырып, пысықталатын болады.

Біз жақын уақытта «Тыңдау» халықтың пікірін ескеретін тиімді жоба болады деп үміттенеміз.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЭЛЕКТРОВОЗДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ӘЗІРЛЕНГЕН «ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» МУЛЬТФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ҚҰС ФАБРИКАСЫ ӨҢІРДІ ОТАНДЫҚ ӨНІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ОТЫР

azatmedia

БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН КОРЕЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ

azatmedia

ОРДАБАСЫ: ҚҰРЫЛЫС ПЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ЖЕТІСАЙДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

МОНТАЙТАСТАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛЫП, ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру