Соңғы жаңалықтар

Мектеп ғимараты жаңарады

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекеніндегі №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінің оқу ғимараты жаңарады. Бұл туралы өңір әкімі 2021 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебінде толықтай тоқталып, баяндап өтті.

Атап айтсақ, Жаскешу елді мекеніндегі 300 орындық №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінің типтік жаңа ғимаратын салу үшін Жаскешу елді мекенінен 2,95 га жер учаскесі ажыратылып, мектептің сәулет жоспарлау тапсырмасы жасалынды. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, жобалық сметалық құжатын (ЖСҚ) жасау үшін қаржы Түркістан облысының құрылыс басқармасына ұсынылды.

Мектеп ғимараты толығымен аяқталса, елді мекеннің оқушылары жаңа, заманауи талаптарға сай жұмыс істейтін мектеп ғимаратында білім алады. Мұның өзі саладағы білім сапасының артуына мұрындық болады. Бұдан бөлек, мектептің материалдық-техникалық базасы да жаңарып, пән кабинеттері жабдықталады. Бұл педагогтардың да жұмысын жеңілдетпек.

Қатысты жаңалықтар

China’s Banking System Won’t Collapse, Former Bank Director Says

azatmedia

«Телефон мен теледидарға жақындамаңыздар»…

azatmedia

ЖОЛДАУДЫҢ ІСКЕ АСУЫ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

azatmedia