Соңғы жаңалықтар

Әкімдік жер мәселесін шешуді қолға алған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округіндегі елді мекендердің шегіне енбей қалған үй-жайлар анықталып, мәселені шешу бағытындағы жұмыстар қолға алынған. Бұл туралы өңір әкімі 2021 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебінде айтты.

Атап айтсақ, Қызылжар елді мекенінде 11 үй елді мекен шегіне енбей қалғаны анықталып, елді мекен шегіне енгізу үшін аудандық жер қатынастар бөліміне ұсыныс беріліп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қызылжар ауылдық округінде жер учаскесін алуға 897 отбасы кезекте тұр.

Бас жоспарға сәйкес, елді мекендерді кеңейту мақсатында және тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беруге Қызылжар елді мекенінен жалпы 113,93 га, Жаскешу елді мекенінен жалпы 16,72 га жер учаскесін елді мекен шегіне енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жоспар толығымен жүзеге асса, алдағы уақытта елді мекеннің шегіне енбей қалу мәселесі толығымен жойылмақ.

Қатысты жаңалықтар

Банк қызметкерінің саусағын сейф есігі шауып түсірді

azatmedia

Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды
кімдер жүргізетіні белгілі болды

azatmedia

Banking Remains Far Undercapitalised For Comfort

azatmedia