Соңғы жаңалықтар

«Қалыңдығы байқап қалған» – Таңғаларлық оқиға орын алды

Жол апатына түскен соң өлген адам саналған Үндістан тұрғыны жеті сағаттан кейін мәйітханада «тіріліп кетті», деп хабарлайды РИА Новости жергілікті IANS басылмына сілтеме жасап.

40 жастағы электрші Шрикеш Кумарды елдің солтүстігіндегі Морадабад қаласында мотоцикл қағып кеткен. Дәрігерлер оны өлімін тіркеп, денесін мәйтіханаға жіберген. Ол жерде ер адам жеті сағат жатқан. Кенет мәйтіханаға келген қалыңдығы Шрикештің тыныстап жатқанын байқаған.

«Жедел жәрдем қызметкері түнгі үште келіп бұл пациентті тексерген, оның жүрек соғысы сезілмеген. Ол бұл адамды бірнеше рет қараған. Осыдан кейін ол өлген адам деп саналған. Алайда таңертең полиция мен оның отбасы келіп, тірі екенін айтты. Тергеу жүргізу туралы бұйрық берілді. Енді біздің басты міндетіміз – оның өмірін сақтап қалу», – дейді суперинтендант Шив Сингх.

Қазір Шрикеш Кумар медициналық орталықта ем алуда. Қалыңдығының айтуынша, ер адам әлі өз-өзіне келмеген. Ол сонымен қатар, Шрикештің отбасы өз ісіне салғырт қараған медицина қызметкерлерінің үстінен шағымдануға ниетті екенін айтты.

Қатысты жаңалықтар

Д.Қыдырәлі: Тіліміз – татулықтың тілі болуы тиіс

azatmedia

Желі «жұлдызы». Үйір-үйір жылқы айдаған Асыл қыз ауылды насихаттап жүр

azatmedia

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЛА АЛАДЫ

azatmedia