Соңғы жаңалықтар Шоу-бизнес

«Жансақтау бөлімінен шықты» – Әбдікәрімова әсерлі жазбамен бөлісті

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ұлына жасалған отаның сәтті аяқталғанын хабарлады. Бүгінде Нарұл Нұртас жансақтау бөлімінен шыққан, – деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлының денсаулығы сыр бергенін хабарлаған соң, қалың көпшілік оған қатты алаңдады. Желі қолданушылары минуттап Нарұлдың қалын сұрап тұрды. Сол себепті, Қайрат Нұртастың келіншегі оқырмандарынп баласының емделу үрдісі қалай өтіп жатқанын айтып отыруды жөн көрген. Бұл жолы Әбдікәрімова Instagram желісі арқылы халыққа жақсы жаңалық жария етті.

Ол баласына жасалған отаның сәтті өткенін жеткізді. «Жүрек катетеризациясы сәтті өтті. Нарұлды жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды», – деді Жұлдыз.

Оған қоса, актриса ұлымен тілдесіп үлгерген. Баласы жағдайы жақсы екенін және өзі жүріп жүргенін айтқан.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Қазығұрт ауданында көгілдір отын мәселесі шешіліп келеді

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

azatmedia

Don’t Expect Tax Reform To Give A Big Boost To The Stock Market

azatmedia