Санатталмаған

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 9579 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға арналған «Еңбек»бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданының 9579 тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Оның ішінде 70 адамға шағын несие беру, 590 мемлекеттік грант беруді ұйымдастыру мен 3710 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Бұған қоса ауыл әйелдеріне бизнес-кейс (бал өсіру, құс өсіру, өсімдік шаруашылығы, жылыжай, саңырауқұлақ өсіру және т.б.), ақпараттық материалдарды ұсынумен блиц-тренингтер өткізіледі. Ал,жұмыспен қамту жол картасы аясында 18 инфрақұрылымдық жоба бойынша 130 жұмыс орны құрылады. Су басқан елді мекен тұрғындарына үй салу жұмыстарына да жергілікті азаматтар тартылуда. Қазіргі уақытта 32 мердігер 1300-ден астам жұмыс орнын ашып, оған жұмыссыз қалған жергілікті азаматтар жұмылдырылуда. Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары құрылып, құрылыс жұмыстарына үміткерлердің тізімін жасақтауға кіріскен.

Жалпы, Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 30420 адамның 4211-і атаулы көмек алатын жандар, 1970-і көп балалы отбасылар, 2406 зейнеткер, 955 мүгедек жандар мен 481-і жұмыссыз жүрген азаматтар. Зардап шеккендерге көмек көрсетудің кешенді ісшаралары қолға алынды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қатар, 1-6 жас аралығындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру және азаматтардың жекелеген санаттарына 5567 теңге мөлшерінде азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін өтемақы төлеу жалғасуда. Оған қосасу тасқыны зардаптарын жою және тұрғын үйді қалпына келтіру кезінде әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру