Шоу-бизнес

Динара Сәтжан туған күнін ерекше стилде атап өтті (фото)

Отандық тележұлдыз Динара Сәтжан туған күнін айрықша атап өтті. Өнер жұлдыздары, шоу бизнестегі достары, блогерлер мен жақындары үшін ол 90-жылдар стилінде мерекелік кеш ұйымдастырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Сәтжан өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жастық шағын сағынғанын айтып, сол жылдардағы естеліктерімен бөлісті. «Динка, туған күніңді бұл стильде өткізсең, өзіңнің жасыңның қаншада екенін білдіріп қоясың», дейді менің бөле сіңлім Айнұр.

Ал мен 39 жаста екенімді жасырмаймын. Мен 90-жылдарды қатты сағындым. «Руки Вверх», «Иванушки», «ТриСтар», «Кай Метов» пен «Парвиз Назаров» сынды жұлдыздардың аудиокассеталарын жинайтыным да есімде. Turbo және Love is… сағыздарының, Zuko, Юппи мен Инвайттардың дәмін әлі де ұмытқан жоқпын. Қиын кезең еді. Әкем Жаңабай Сәтжан бизнеске кетті. Алқызыл түсті пенжек пен Волга сатып алған еді (пенжекті кеше киіп келді). Ісі алға басты», – деп есін алады ол.

Қатысты жаңалықтар

«Іш киімдеріне дейін көрсетеді»: қазақтың салтын сынға алды

azatmedia

«Бір жерін көрсетіп»: Жаңа образдағы Сәдуақасова елден оңбай сөз естіді (фото)

azatmedia

Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталуының себебін айтты

azatmedia