Соңғы жаңалықтар

«Павлодар облысында екпе алмаған зейнеткерлер зейнетақыдан қағылады» – желіде тараған ақпаратқа қатысты тың дерек шықты

Павлодар облысының зейнеткерлері екпеден бас тартса, зейнетақыдан айырылады. Желіде осындай хабарлама желдей есуде, – деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар екпеден бас тартуды зейнетақыдан айырумен байланыстыруға болмайды деп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Екпе ерікті түрде жүргізіледі, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқармадағылар вакцина алуға мәжбүрлеу фактілерімен бетпе-бет келген азаматтарды мына нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 705 447 52 52.

Қатысты жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «АСАР-2» ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Айгүл Иманбаеваның «екінші күйеуі» кім?

azatmedia

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ РАБОТЫ ПО СТРАТЕГИЧЕСКОМУ РАЗВИТИЮ ШЫМКЕНТА ЗА 5 МЕСЯЦЕВ

azatmedia