Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ӨТЕМІС», «ШАПЫРАШТЫ» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің шалғай елдімекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкім Абзал Шымкентбайұлы Әліқұлов аудан аумағына қарасты «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алаптарына барып, елдімекеннің өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ, Қаратау аудан басшысы аталған елдімекендерді дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Таяуда ғана «Өтеміс» тұрғын алабында 3 көшеге асфальттау жұмыстары жүргізілді. Арық каналы жөндеуден өткізіліп, тұрғындардың ауыз су мәселесі толығымен шешімін тапты.

Сонымен қатар, «Шапырашты» тұрғын алабында 1986 жылы құрылысы қаланған, жалпы алаңы 1092,7 шаршы метр «Шапырашты» мәдениет үйі толық күрделі жөндеуден өтті. Абзал Шымкентбайұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алдағы уақытта аталған елдімекендерде инфрақұрылым жүйелері бойынша атқарылатын жұмыс жоспарларын таныстырды.

Айта кетейік, бүгінде Қаратау ауданына қарасты «Өтеміс» тұрғын алабындағы 300, «Шапырашты» тұрғын алабында 228 тұрғын үй бар.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ШЫҢҒЫС МҰҚАН МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

azatmedia

ТЫЛ АРДАГЕРІ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

azatmedia

Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қайта қаралады

azatmedia