Соңғы жаңалықтар

ҚАНДАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ АУҚЫМДЫ

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін қала бойынша 689 отбасына (942 адамға) қандас мәртебесі берілген. Бүгінде басқармаға қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» 17 отбасы (28 адам) қызмет алуда.

Жалпы қандастарға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының аясында ең алдымен, этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері ҚР тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады. Сондай-ақ, қандас мәртебесін алғандар және олардың отбасы мүшелері «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» 6 ай көлемінде тегін тұрып, көрсетілетін қызмет түрлерін ала алады. Сонымен бірге ҚР денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес медициналық көмекке де қол жеткізеді. ҚР азаматтарымен тең жағдайда оқу орындарына яғни, мектеп, балабақша, жоғары білім беретін оқу ұйымдарына білім алу мүмкіндігі бар және ҚР азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтік қорғалып, заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту шаралары жүргізіледі. Мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі.

Қатысты жаңалықтар

Қажекең 1883 жылы туылған деген дерек шындыққа жақын

azatmedia

УВЕЛИЧИВАЕТСЯ КОЛИЧЕСТВО ГРАЖДАН ОПЛАЧИВАЮЩИХ АРЕНДНОЕ ЖИЛЬЕ ЧЕРЕЗ МОБИЛЬНОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ

azatmedia

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «АСАР-2» ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia