Қоғам

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Тұрсынмұратов Берік 

Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кезекті кейіпкері –  Тұрсынмұратов Берік Құрманбайұлы, Сауран ауданының тұрғыны.  Яссы ауылдық округінде мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жұмыс істегеніне 15 жыл болды. 1994-1996 жж аралығында Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ветеринар-техник мамандығын бітірген.  Жұмыс жасау барысында малдар арасындағы аурулардың алдын алады, өздеріне бөлінген аймақтарға барып, малдарына тексеріс жүргізіп, оларды дәрілеп тұрады, қанына сараптама жасайды.

Өзінің шәкірттері бар, оларға саланың қыр-сырларын үйретіп, бағыт-бағдар беріп отырады.

Ұстаз әр шәкіртінің бойынан бір жарқыраған жұлдызын тауып , сол жұлдыздың жарқырауына өзіндік үлес қосу керек.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – ұлы міндет. Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам мұғалім.Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты.Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі.

Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Өйткені, ол шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан – жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, әсемдік, сұлулықты түйсіндіретін эстет.

Ұстаз бен шәкірт арасында шынайы достық қарым – қатынас орнаса бала сенімі нығайып, үй – ішінен жасырған сырын айта алатын сырлас досқа айналады. Ұстаз да оның жан сарайының кілтін тауып сезім құбылыстарын дөп басатын психолог бола алуы керек.  Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті үйретушіні ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны .

Болашақтың кілті, елдің ертеңі — білімді жастар. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды.

Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жастар қоғамға пайдасын тигізіп, алған білімін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Барлық уақытта жастар халық арасындағы ең озық бөлігі болып есептелінген. Олар әрқашан қоғамдағы оң өзгерістердің алдыңғы қатарында болды. Негізінен, жастар – мемлекеттің стратегиялық қоры. Олар дамудың жасампаздық қуаты мен ұлттық күшін жинақтап, дамыта алады. Қоғам үшін пайдалы қызмет жасау, ұлы іс деп санайды кейіпкеріміз.

Өмірде ол үшін ең маңызды өмірлік миссия.

Қазір адамдар «өмірлік миссияң қандай?» деген сұрақты бір-біріне жиі қояды. Сонда ол сұраққа бірі саяхаттау, бірі карьера қалыптастыру, биік белестерді бағындыру десе,екінші біреулері отбасын құру, ата-ананың разылығын алу деп жатады.

«Өмірге бір-ақ рет келесің ғой, бәрін көріп қалу керек» дейтіндер де аз емес.

Шынтуайтына келгенде,адам бір-ақ рет өледі, ал күнде дүниеге келеді. Олай дейтінім – әр күніміз Алланың өмірімізді жақсы жаққа өзгертуге берген мүмкіндігі. Ал біз келемізде «өмірде бәрін көріп қалу керек» терминінің артына нәпсінің қалауларын желеулетіп, неше түрлі жасауға болмайтын зиянды әрекеттер мен өмірлік қателіктерге бой алдырып, өз тағдырымыздың тамырына өзіміз балта шауып, құрдымға кетіріп жатырмыз.

Сонда жанымызға қандай миссияны серік етсек, екі дүниенің бақытына бөлене аламыз?.

МЕНІ ТОЛҒАНДЫРАТЫН ЕР ЖІГІТКЕ ТӘН ҚАСИЕТ

Бабалардан қалған асыл сөздерді сарқып, жыр-мұраларды парақтар болсақ, ер жігіт, ер азаматқа қатысты өте көп сын-сипатты ұшырастыруға болады. Мәселен, батырлар жырында еркектің бейнесі «еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қапсағай денелі, бура санды, кең жауырынды, от ауызды, орақ тілді, темірдей саусақты, жау жүректі, сергек ойлы, ширақ қимылды, кескін сөзді, кесек бітімді, қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, көк бөрідей қайсар, қабыландай сұсты, бұландай сүйекті, нардай төзімді, ар алдында ақ, сауысқандай сақ…» деп сипатталады.

Мұндай білектілердің өзі бірнеше түрге бөлінеді. «Жігіттің сұңқары, жігіттің сұлтаны, жігіттің қыраны, жігіттің арыстаны, жігіттің қабыланы, жігіттің сарасы, жігіттің нары, жігіттің жампозы» деп мақталып жатады емес пе? Өкініштісі, бұл сипаттарды дәл қазіргі уақытта біреуге айта қалсаң, қабақ шытқан, назды жүздерді табасың. Құлағымыз «баяғыда ата-бабаларымыз мынадай болған, анадай болған, қазіргі жігіттердің барлығы ұсақталып кеткен т.с.с…» пікірлерді ести қаласың. Алайда, мақсатымыз өзгені айыптау, уәж айту, сынға алу, кінәліні іздеу, жоқтау емес еді. Абыздардың ауыздарынан шығып, ғасырдан ғасырға жетіп, күні бүгінге дейін қолданыста жүрген мақал-мәтелдер, нақылдарды, Алла мен Оның Елшісінің сөздерін топтастырып, ер жігіт қасиеттерін бір айқындап қойсақ деген ниет қана. Ақылды, арлы, есті жігіт өзіне қажетін сарқып алар…

Жұмысы таңнан басталады, сағат 9 да мекемеге барып, бір күндік жоспарын жасайды. Жұмысшылары өздеріне бөлінген аймақтарға жұмыстары бойынша кетеді. Бір күн бұрын вакцинациялауға баратын жерлеріне хабарласып, ескертіп қояды. Вакцина 1 айда екі рет салынады.

Өмірлік ұстанымы мамандығына адал болу, халыққа қызмет көрсету, шәкірттерін білімді де, білікті маман ретінде тәрбиелеу, бұл саланың болашағы баянды болуы үшін, барын салып жұмыс істеу.

Қатысты жаңалықтар

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

azatmedia

Масыл қоғам түзіп бара жатырмыз…

azatmedia

Көкшелік студенттермен кездесті

azatmedia