Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.Жобаның басты мақсаты − ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Бағдарлама басталғалы ауыл-аймақтарда мыңдаған шаруа мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашып, шаруашылығын дамытты.
«Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында палата спикері, ((КСМ))әрі партияның төрағасы Ерлан Қошанов осылай айтқан болатын.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы, «Аmanat» партиясының төрағасы: «Ауыл аманаты» – Президенттің сайлауалды бағдарламасына енгізілген бірегей жоба. Онда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартудың нақты әрі түсінікті тетіктері қарастырылған. Ең бастысы, қаражаты толық шешілген. Бір жылдың ішінде жобаның тиімділігін көріп отырмыз. Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, біз депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыруға тиіспіз.Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде облыс көлемінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылғы өндірілген өнім көлемі жағынан Түркістан облысы 13,3% көрсеткішпен республикада көш бастады. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Қалданов мәлімдеді.«2023 жылы Республикалық бюджеттен аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, жалпы 3 256 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 3 413 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бағдарлама аясында өткен жылы шаруалар — 1 трлн 158,7 млрд теңгенің өнімін өндірді. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында кооперативтер негізінде дамуға басымдық берілмек.Кооперативтерге 992 миллион теңгеге 40 ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алынды. Биыл бағдарлама аясында республикалық бюджеттен өңірге 10,6 миллиард теңге бөлініп, егін, мал, құс және балық шаруашылығына, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтауға бағыттау көзделіп отыр. Жобаның бұл жылғы ерекшелігі — кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу мақсатында өтініштерді электронды түрде қабылдау жүйесі жұмыс іске қосылды»-деді спикер.Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау арқылы ауыл тұрмысын түзеу – «Ауыл аманатының» басты міндеті. Түркістан облысы еліміз бойынша халық саны ең көп өңірлердің бірі және облыс халқының басым бөлігін ауыл тұрғындары санатына жататын әлеуметтік топ құрайды.Сегіз жүзден астам елді мекендері бар Түркістан облысы ауылдар саны жөнінен республикада көш бастап тұр. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру – өңіріміз үшін ең әуелгі басымдық болып белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр ғана іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасымен 2029 жылға дейінгі кезеңде республика бойынша 1 миллионнан астам ауыл тұрғындарына қолдау көрсету межеленген. Жобаны іске асыруға 1 трлн. теңге бағытталып, ауыл-аймақтарда 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру көзделген.
Айта кетейік, жуырда ғана Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келген болатын. Сапар барысында ол өңірдегі аудандардағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, осы жобаны жүзеге асыру жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, басқармалар мен аудан, қала басшылары, жоба жүзеге асқан ауыл округ әкімдері қатысты. Мәжілісті жүргізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасының облыс үшін маңызы жоғары екенін жеткізді.– Өзіңізге белгілі, Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада ерекше орын алады. Климаттық жағдайы, жұмыс күші тұрғысында ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңір болып есептеледі. Облыста 1 миллионнан астам тұрғынның әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы облыс халықының табысын арттыруға оңды нәтижесін берді. Бүгінгі таңда бағдарлама есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, 3413 жаңа жұмыс орны құрылды, 75 кооператив ашылды, – деді Дархан Сатыбалды.Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысындағы оң тәжірибелер мен өзекті мәселелерге тоқталды. Жауапты басқармалар мен ауылдық округ әкімдеріне жобаны талапқа сай жүзеге асыруды тапсырды. Тек мал шаруашылығы ғана емес, өзге де салаларға басымдық беру керектігін айтты.– Мемлекет басшысы өз қызметіне кіріскен кезде ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. 80 пайыздан астам тұрғыны ауылдарда тұратын Түркістан облысы үшін бұл бастаманың маңызы зор. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – біріншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табысын молайту. Екіншіден, ауылдан жастар ірі мегаполистерге көшіп кетіп жатыр. Соларға жағдай жасап, ауылдарды аман сақтап қалу және көші-қонды реттеу көзделген. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және отандық өнім үлесін көбейту. Ауылдағы тұрғындар өнімдерді өзі өндіру арқылы табысын молайтып қана қоймай, елімізді отандық өніммен қамтуға үлес қосады. Біз тұрғындардың кәсіппен шұғылданып, табыс табуына көмектесуге міндеттіміз. Бүгінгі кездесудің мақсаты – осы жобаның жүзеге асыру барысын талқылау және тәжірибе алмасу. Өзара кеңесіп, үздік тәжірибелерді бөлісу. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бірқатар жобамен таныстық, ізденіс, даму бар. Әр облыстың ғана емес, әу ауданның, әр ауылдың даму жоспары болуы тиіс. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда да жаңашылдық, ізденістер қажет, – деді Ералы Тоғжанов.Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасын жоғары деңгейде жүзеге асырған Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылдық округінің тәжірибесі көпшілікке баяндалса, ақтөбелік кооперативтің жетістіктері де үлгі ретінде ұсынылды.Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы, ауыл тұрғындарының табысы мен әлеуметтік жағдайларының көтерілуіне ықпалын тигізді. 2023 жылы Республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, негізгі 6 бағытты қаржыландыруға басымдылық беріліп, 3256 жоба қаржыландырылған. Жобаға пилоттық түрде 64 ауылдық округі қатысты. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орындары құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 340 адамға қысқартылды, табыс көзі орташа жалақы 20 пайызға ұлғайды, шағын кәсіпкерлер саны 2 544 бірлікке артқан. 64,2 мың бас мал басы сатып алынып, 19 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 16,4 га алқапқа 328 жылыжайлар салынған. Осы жобалар есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.Осы көрсеткіштер негізге алынып, «Ауыл аманаты» бойынша Түркістан өңіріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныс берілді. Себебі, нақты іс, қозғалыс, ең бастысы, ауыл тұрғындары тарапынан қызығушылық бар. Бұл бағытта жұмыс қарқыны бәсеңдемейді.Сонымен бірге, Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Түркістан облысына арнайы жұмыс сапары барасында өңірдегі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз кәсібін бастаған азаматтардың жұмысымен танысып, кәсіпорын иелерімен тілдесті.Ең бірінші кезекте Жаңа Иқан ауылдық округінде болып, Ибата елді мекенінде Жасур Муминовтың 240 шаршы метр жерге өсіріп отырған балық шаруашылығымен танысты. Өз кәсібін 2023 жылдың қыркүйек айындап бастап, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз тіршілігін бастаған. Кәсіпкер 2,5 пайызбен 8,5 млн. теңге алған. Балықтың «форель» түрін өсіруде. Бүгінгі таңда төрт бассейінде балық өсіріп, 6 айда 2 тонна, жылына 4 тонна балық алуды көздеп отыр. Өзімен бірге 4 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Сонымен қатар, кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін ашамын деген азаматтарға таптырмас мүмкіндік екенін айтып, бұйыртса алдағы уақытта кәсібін үлкейтіп, бірнеше азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.