Қоғам

Жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек

Жер сілкінісіне әрдайым дайын болу қажет
Жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде болу керек. Ол үшін төмендегі кеңестерге сүйенген жөн:

Үйде, жұмыс орнында, мектепте, көшеде қауіпсіз орындарды бағдарлау;
Отбасы мүшелерімен жер сілкінгенде не істеу керек екенін талқылап, алғашқы медициналық көмек беру ережесін үйрену;
Дәрі қорабын дайындау және ондағы дәрі-дәрмекті қолдану ретін білу;
Құжат, ақша, қалта шамын үнемі ыңғайлы орынға қою;
Кереуетті терезе мен қабырғалардан алшақ орналастыру;
Үйге кіретін жолды жиһаздармен, өзге заттармен бөгемеу;
Шкафтар мен сөрелерді шегелеп бекіту, үстіне ауыр заттар қоймау;
Улы химикат, тез тұтанатын сұйықтық секілді қауіпті заттарды жақсы оқшауланған сенімді орында сақтау.

Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекет
Жер сілкінгенін ғимараттың шайқалғанынан, шамдардың теңселгенінен, ыдыс-аяқ пен әйнектердің сылдырынан, күшейіп жатқан гуілден білуге болады. Бұл жағдайда ең бастысы – үрейге бой алдырмау.
Жер сілкінісі кезінде ең қауіпсіз жер – ғимараттан алыс көше мең алаң. Сондықтан, бірінші дүмпуден кейін тез және қысқа жолмен далаға шығу керек. Өздігімен жүре алмайтындарға қауіпсіз орынға шығуға көмек берген дұрыс. Бұл жағдайда заттарды жинауға уақыт кетіруге болмайды. Мүмкін болса, тек құжаттар мен ақшаны алған дұрыс. Лифтті пайдалануға тыйым салынады. Төменге баспалдақпен не өрт сатысымен түсу қажет. Мұндай жолмен ғимараттан шығу мүмкін болмаса төсек жаймасынан арқан жасап, оны жылу батареясына байлаңыз да, терезеден түсуге болады. Бұл – балалар мен зардап шеккендерді құтқарудың тиімді тәсілі.

Адамдар қауіп төнгенде, өз өмірін сақтағысы келеді. Жер сілкінгенде адамдардың қорқуы – бұл қалыпты жағдай. Төтенше жағдай болғанда дүрбелеңге салынуы адамның өмір сүруге деген құлшынысын білдіреді. Дегенмен адамдар үрейге беріліп, көпқабатты үйден секіріп кетеді. Сол себептен маман ретінде айтарым – сабырлық сақтауды бойға сіңіру керек. «Өліп кетеміз бе? Үстімізге үй құлай ма?» деген үрейден аулақ болу қажет. Оның орнына «бізге көмек көрсетіледі, сабырлы болайық» деген жағымды ойды санаға сіңіру қажет. Сіздің сабырлы қалпыңыз, басқаларға да әсер етеді. Егер үйдің үлкені болсаңыз, барлығы сіздің сөзіңізге құлақ асатынын естен шығармаңыз.

Әрбір жер сілкінісіне мән бермеген жөн. Үстірттің әлсіз тербелістері (5 баллға дейін) Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және басқа аудандарында жылына бірнеше рет болып, зақым келтірмейді. Бірақ, егер тербеліс күші бірден немесе бірте-бірте 5-6 баллға дейін жететін жер сілкінісі басталса, – бұл қауіпті нышан. Бұдан кейін оқиғалардың үштен бірінде тербелістер 7 және одан да жоғары баллға дейін жетіп, күштірек болады.

Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.

Жер сілкінісін естігенде және ғимарат теңселе бастағанда құжаттар мен бірінші кезекте қажетті заттарды алып ол жерден тез шығу қажет.

Ғимараттан баспалдақпен түсіңіз, өйткені лифті кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Эвакуация кезінде мүмкіндігінше үрейге бой алдырмаған жөн.

Көшеде ғимараттарға жақын тұрмай, ашық кеңістікке өтіңіз. Егер ғимарат ішінде болсаңыз және одан шығу мүмкін болмаса, онда қауіпсіз орынды паналаңыз. Яғни ғимарат қабырғасының бұрышы немесе есіктің қасы.

Егер баламен болсаңыз оларға өз денеңізбен тосқауыл болуға тырысыңыз. Сыртқа тез шығу үшін үйдің есігін алдын ала ашып қойған дұрыс. Үйдегі электр құралдарынан терезе маңынан аулақ ұстаңыз, егер өрт шықса, оны өздігіңізден сөндіруге тырыспаңыз.

Қауіп төнген жағдайда 102, 101,103 және 112 қызметін көмекке шақырып, жүгініңіз. Балконға шықпай, сіріңкені пайдаланбаңыз, себебі газдың шығу қаупі болуы мүмкін.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!
Ең маңыздысы – сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).

Ғимараттың ішінде қалып қойсаңыз:

қауіпсіз жерде: негізгі ішкі қабырғаның жанына, негізгі қабырғаның бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыз;
мүмкін болса үстелдің астына тығылып, құлауы мүмкін заттар мен жарықшақтардан қорғана аласыз;
терезелер мен ауыр жиһаздардан, үзілген сымдардан, алыс тұрыңыз;
майшам, сіріңке, оттық қолданбаңыз;
электрді қоспаңыз, себебі газ құбыры зақымданса, от тұтанып кетуі мүмкін.

Көлік ішінде болсаңыз:

көлікті ғимараттан, көпірден, бағаналар мен ағаштардан алыс жерде тоқтатыңыз;
көліктен шықпай жер сілкінісінің аяқталуын күтіңіз.

Көшеде:

қауіпсіз ашық алаңда қалуға тырысыңыз;
жер сілкінісі кезінде ғимараттардың құлаған қабырғалары мен кірпіштері, әйнектер адамдарға зардабын тигізуі мүмкін. Сол үшін ғимараттардан, электр бағаналарынан және үзілген электр сымдарынан аулақ болыңыз.

Жер сілкінісінен кейінгі әрекет

дүмпулердің толық тоқтағанын күтіп, сабырлы болыңыз;
үйде не пәтерде қалсаңыз, бүлінген заттарды түгендеп шығыңыз;
электр желісінде, су құбырында ақау болса, ажыратыңыз;
жарақаттанғандарға көмектесіп, оларға алғашқы медициналық көмек беріңіз;
өрт ошақтарын анықтауға тырысыңыз және мүмкін болса оларды сөндіру шараларын қолданыңыз;
автокөлікті қауіпсіздікті қамтамасыз ету не көмектесу мақсатында ғана пайдаланыңыз;
телефонды тек құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін (102), өрт сөндірушілерді (101), дәрігерлерді (103), құтқарушыларды (112) шақыру үшін пайдаланыңыз;
балконға шықпаңыз;
зақымданған ғимараттардың жанынан өткен кезде сақ болыңыз.

Үйінді астында қалып қойсаңыз:

Үйінді астында қалған жағдайда қандай әрекет жасаған дұрыс

Терең демалыңыз, үрейге бой алдырмаңыз, бастысы ойыңызды жинақтаңыз. Қалайда болса тірі қалуға тырысып, көмектің міндетті түрде келетініне сеніңіз.

Мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Болған жағдайға икемделуге тырысыңыз және жан-жағыңызға қарап шығу жолын жолын іздестіріңіз.

Өзіңіздің қай жерде екеніңізді және сізден басқа адамдардың бар-жоғын анықтауға тырысыңыз. Тыңдап, барыңызды айтып дыбыс беріңіз. Көмек келем дегенше аштыққа, шөлге төтеп беру үшін энергияны беке шығындамаған жөн.

Жақын маңнан жарық және дыбыс сигналдарын беруші заттарды іздестіріп көріңіз.

Егер үйінді астынан жолы табылса мүмкіндікті пайдаланыңыз. Ол үшін өзіңізді еркін ұстап, шынтағыңызды денеңізге бүркеп қимылдаңыз.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен және құлаған ғимараттарға жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Жердің қайталама дүмпуіне дайын болыңыз. Өйткені, жер сілкінісінен кейін 2-3 сағатқа дейін қауіп сейілмейді. Яғни зілзала араға бірнеше сағат, тәулік, тіпті ай салып қайталануы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен кейін уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.

ТҰРҒЫН ЖАЙДА:

  • газ, су, және жарықты сөндіріңіз;
  • алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;
  • терезеге жақындамаңыз;
  • есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.

КӨШЕДЕ:

  • ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;
  • ғимараттарға кірмеңіз.

КӨЛІКТЕ:

  • мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;
  • дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;
  • автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:

  • сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;
  • радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз;
  • аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;
  • зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз;
  • жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.

Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар:

  • жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.
  • биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.
  • егер де жер сілкінісі түнде болса, шамды даярлап қою керек.
  • төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек.

• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу

azatmedia

ДОСТАСТЫҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАСЫ

azatmedia

Қазақстанда пара беру туралы жиналыста ашық айтыла бастады

azatmedia