КӘСІПКЕРЛЕР МЕЙРАМХАНАЛАРЫН ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУҒА ДАЙЫН
Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері эпидемиологиялық жағдай нашарлап, мұқтаждық туса өздерінің меншігіндегі ғимараттарды провизорлы, стационарлы орталықтарға айналдыруға дайын. Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновке жеткізді.
