САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АТСАЛЫСТЫ
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сайрам ауданында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық жұмыстары барысында ауданға қарасты 11 ауылдық округте бей-берекет тасталған күл-қоқыстар жиналып, шөптер шабылды.
