Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ FIRST РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Кейінгі жылдары сандық жүйе санамызды жаулап алғаны сонша, жасанды интеллект, роботтехника, цифрлық технология жаңалықтары күнбе-күн жаңарып жатыр. Креативті индустрия жалпы «Креативті экономика» ұығымы Қазақстанда жақында пайда болса да қарыштап дамып жатыр. Расында да біз ғұмыр кешіп жатқан ғасырды «ақылды темірсіз» елестету мүмкін емес. Жаһандану дәуірінің жаңа жауынгерлерін даярлайтын роботтехника жарыстары да жиі ұйымдастырылады.

Жалпы  бізде  ұлттық экономиканы дамытуда өзіндік үлесі бар креативті индустрияның сәулет, сән, өнер, музыка, дизайн, кино, IT-технологиялар мен  халық қолөнері секілді  шығармашылық бағыттары жұмыс істейді.2024 жылдың 09-11 тамыз күндері Алматы қаласында өткен республикалық «Almaty Tech Cup X» робототехника және инновациялық технологиялар бойынша X дүбірлі ашық чемпионатында Қазығұрт ауданыQazygurt және Rob командалары робот тапсырмалары мен инновациялық жобалар бойынша сынға түсті!

Чемпионатқа Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінен 4 мұғалім, 12 оқушы қатысып, командалық есепте І орын иеленді.Qazygurt Команда мүшелері1. Камал Асылжан (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)2. Сайлау Нұрасыл (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)3. Нұралы Даянхан (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)4. Нұрғалиевна Сая (А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп)Жетекшілері: Омирбаев Максат , Устенов НұрсұлтанRob Команда мүшелері1. Хамзе Абдулла (К.Қарсыбаев атындағы жекеменшік мектебі)2. Абдрашитов Азизбек (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)3. Давронбек Гулмира (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)4. Әбдуәлі Ақниет (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)5. Айту Жайна (А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп)6. Асқар Айнара (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)Жетекшілері: Оразхан Бексұлтан, Тастанов ЕрболAlmaty Tech Cup X FIRST жарысында біздің жеткен жетістіктер:1. Champions award finalist (Qazygurt)2. Innovation Awards finalist (Rob)3. Robot performance award finalist (Qazygurt)Чемпионаттың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларын біріктіру,сондай-ақ жастардың робототехникасы мен инженерлік дағдыларын дамытуға ықпал ету болып табылады.Чемпионат келесі бағыттар бойынша өткізілді.- FIRST LEGO League Explore (6-10жас)- FIRST LEGO League Explore (10-16 жас)- WSO (12-18 жас)- Drone Racing: Multi GP( жас шектеу жоқ)- Minecraft Education(6-16 жас)- Хакатон ( 12-18 жас)Бүгінгі күнге дейін де робо жарыстарында аттары аталып жүрген оқушылар бабында. Алдағы уақытта да талай додаларда жарқырап, алдыңғы орындардан көрінетініне сенеміз.

Чемпион атанған оқушылар Қырғызстан елінде өтетін чемпионатына жолдама алды. Сәттілік серік болсын дегіміз келеді.

Қазығұрт ауданының тұрғындарының назарына робототехника – балаларға жүйелі білім беретін, бағдарламалауға үйрететін, инженерия негіздеріне баулитын сала екендігін айта отырып, оның дамуы жөнінде мәліметтерді ұыснамыз.

Робототехника – Қазақстанда енді ғана жанданып келе жатқан үлкен индустрия. Зерттеушілердің пікірінше, елімізде алдағы 5-10 жылда сервис, логистика және транспорт, машина жасау өнеркәсібінде робототехника кеңінен қолданыла бастайды. Сол уақытта қазір осы салада өзін жетілдіріп жүрген жасөспірімдер нарықтағы сұранысқа ие мамандар болады. Бір қуантарлығы, елімізде бұл сала оқушылар мен жасөспірімдер арасында трендте. Олардың қызығушылығы жоғары. Сондықтан елде «қазақстандық робототехник» ұлттық брендін қалыптастыру жұмыстары жүріп жатыр.

Біз өндірісте роботехниканы кеңінен тұтынып отырған жоқпыз. Бірақ жаман деңгейде де емес. Себебі біз дамыған елдердің балаларымен ашық бәсекеге түсе аламыз. Кейде олардан да асып түсетін жақтарымыз бар. Батыс Еуропадан қатты кейін қалып қойдық деуге негіз жоқ. Тек біздің елімізде бұл сала енді ғана дамып жатыр. Әсіресе, жасөспірімдерде қызығушылық жоғары. Біз осы жағынан ұтып жатырмыз деп ойлаймын. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жақсы тенденцияны үзіп алмай жалғастыратын болсақ, 10-20 жылда Қазақстанда бұл сала қарыштап дамып, пайдасын көреміз. Роботехника дамыса, ақпараттану, ақпараттық технологиялар, ғылым, білім дамиды.

Өндірісте адамдар жұмыс күші ретінде емес, ақыл-ой, шығармашылық жұмыспен айналысады. Бүгінде роботехника саласында философиялық сұрақ көп. Бұл адамзатқа қандай пайда әкеледі? Қандай зияны тиюі мүмкін? Бұған дейінгі қалыптасқан жүйеге зиян ба? Қалай десек те, бұл жаңалық өмірімізге енді. Біз оны жойып жібере алмаймыз.

Иә,  креативті индус­трия ел үшін маңызды эконо­ми­калық артық­шылықтың бірі екені рас. Әлемде бұл нағыз ин­клю­зивті экономиканың даму көзі болып тұр. Азаматтардың шығармашылық әлеуеті мен зияткерлік капиталына негізделген «шығармашылық өндіріс» болашақта экономиканың ең маңызды саласына айналуы әбден мүмкін. 

Қатысты жаңалықтар

ОТЫРАРДА ОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

Шөпті жинау науқанында өрттерге жол бермеу 

azatmedia

Тиктокерлерді түлен түртті (видео)

azatmedia