Ақпарат

Қоғамдағы қарым-қатынас

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді – қастерлеп сақтай отырып, еркін дамуда. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Елбасының, мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықтың, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін нығайта беру, оларды алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айрықша орын алды. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбіршілік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз. Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел, халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.

Еліміз қарқынды даму үстінде. Елімізде мекендеген барлық ұлттар арасында татулық пен бірлік сақталып, біртұтас ел ретінде күшімізді біріктіре отырып, бәсекеге қабілетті ұлт болуға күш салуымыз қажет. Бүгінде ауызбіршілігі қашқан елдердің экономикасы артқа кетіп, берекесі қашып отырғанын ұмытпай, этносаралық татулығымызды арттыра отырып, тек ұдайы дамуды мақсат етуіміз керек.

Халқымызда ұлтаралық татулыққа айырықша маңыз берілген. Қазақтың данасы Ұлы Абай атамыз: «…Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» – деген өлеңі арқылы адамдар арасындағы ынтымақ пен татулықты сипаттауы да тегін емес.

Асыл дініміз ислам ұлтаралық татулыққа байланысты тағылымдарға толы. Алла Елшісі: (с.ғ.с.) «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб, араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан, тақуалығынан (адамгершілігінен) басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Алланың алдында ең мәртебелілерің тақуалы (адамгершілігі мол) болғандарың» деп бар адамзат баласын тең құқұыққа ие екендігін айтқан.

Сонымен қатар  «Өздеріңе біреу шабуыл жасаса, Алла жолында сендер де соғысыңдар. Тек өздерің килікпеңдер. Анығында, Алла шектен шыққандарды ұнатпайды» деп,  әр адам өз тіршілік қарекетімен күн кешіп, тыныш та бейбіт өмір сүруді уағыздаған.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с)  өз өмірінде аса мейірімді, қайырымды болғандығын байқаймыз. Алла Елшісі (с.ғ.с) исламды қабылдаған немесе қабылдамағанына қарамай барлық адамды бауыр тұтып, ауырса көңілін сұрап, қуанышына ортақтасып тұрғандығын ғибратты әңгімелерден байқай аламыз.

Қазіргі таңдағы кері ағымдағы көқарастар секілді емес дінге кіру адамның өз таңдауына байланысты. Сахабалармен әулиелер қашанда исламды даналық арқылы жаюды мақсат еткен. Атап айтқанда қасиетті Құран кәрімнің «Бақара» сүресінің 256 аятында: «Дінде зорлық жоқ» деп көрсеткен. Асыл дінімізде  дін жаю үшін соғысуды қолдамайтындығын білеміз. Ислам-ең бастысы бейбітшілік діні. Құранда «Мұмтахина»  сүресінің 8 аятында  Алла  Тағала: «Сендермен соғыспаған, сендерді мекендеріңнен қуып шықпағандарға келсек, оларға жақсылық жасаудан, оларға   әділ болудан Алла сендердің жолдарыңды тоспайды. Алланың әділ жандарды жақсы көретіні даусыз» деп тек қана әділдік пен турашылдықты жақтайтындығын көрсеткен.

Ұлы Жаратушы адамзат баласына  «Кешірім жолын ұстан, дұрыстыққа бұйыр, надандардан аулақ бол» делінген. («Ағраф» сүресі 199 аят) Асыл дінімізде ұлтаралық түсіністік пен төзімділік туралы Құранкәрімнің:«Әнфал»  сүресі  46 аятында  «(Барлық істе) Аллаға және оның пайғамбарына бойұсыныңдар, өзара тәжікелеспеңдер, әлсірейсіңдер, бойларыңнан қуат қашады. Шыдамды болыңдар. Алла шыдамдыны жақтайды» деп бұйырған. Сондықтан еліміздегі басқа ұлттардың да мәдениеті мен дініне түсіністікпен қараудың маңызы зор.

Әуелі Алла, сосын  мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз еліміз татулық бесігінде тербелуде. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлттар ынтымағының ұйтқысы болып, күллі жаһанға үлгі болып отыруы зор мәртебе. Бұл  сарабдал ішкі саясаттың, еліміздегі 130  ұлтқа өзінің салт -дәстүрін, тілін дінін, ұлтық ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік жасағандықтың айқын нәтижесі екені анық.

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев мырзаның «Қазақстан – достық пен келісім аумағы болды және болып та қала береді. Біздің ұранымыз: сан алуандықтағы бірлік. Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Шетелді бізді «қазақтар» деп біледі. Өйткені, біздің мемлекетіміздің атауы дәл осы сөзден астасып жатыр», деп өз ойын нақты білдірген еді.

Расында да, біздің туған еліміз – айнымас достықтың айнасы іспеттес! Достық пен ынтымақ бүр жарған жерде береке мен ырыстың да айналшықтап кетпей қоятыны ақиқат. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған біздің облысымызда да нәтижелі істер молынан саналады.

Тағдыр табыстырған, тарих тоғыс­тырған түрлі этнос өкілдері азат­тықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қалас­ты. Ынтымақты ырысқа, алуан­дықты байлыққа балаған біз бір­лік­тің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырдық. Өнегелі ізгі бастамаларымен жаһандық бей­бітшілікке зор ықпал еткен Қазақстанның тағылымды тәжі­рибелері әлем жұртшылығына үлгі болды. Әрине, бұл жетіс­тік­тер бізге өздігінен, оңай келген жоқ. Еліміздің татулық пен тұ­рақ­тылықтың берекелі бекеті­не айналуына Қазақстан халқы Ассам­блеясы үлкен үлес қосып келеді» деген сөзі әрбір қазақстандық ұлт өкілінің жүрегінде жатталды.

Ассамблея осы кезге дейін барлық этностарды бір мақсат, бір мүддеге ортақ біріктіре алды. Жыл сайынғы сессияларында Қазақстан халқын толғандыратын мәселелер мен сұрақтар қызу, кейде өткір талқыланып, мемлекеттік, елдік мәселелер шешімін тапты. Толеранттылықты сақтап, елімізді ұлтаралық келісім мен бірліктің мекені ретінде әлемге таныттық. Тарихи оқиғаларға объективті көзқарас ұстанып, ел іргесінің негізін берік қаладық. Әр халықтың төл мәдениетін, тілін, ділін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін дамытуға қолайлы жағ­дай жасалды.

Алпауыт мемлекеттермен са­­лыс­­тырғанда, бізде аз ұлттар ұғы­­мы қолданылмайды, барлық эт­нос­­­тардың құқығы мен бостан­дық­­тары бірдей, үлкен-кіші деп жік­­теуге жол берілмейді. Соның нә­ти­­жесінде, бірде-бір этнос же­ке-дара оқшауланып, ерекше эт­нос­­тық мәртебесі туралы мәсе­ле көтер­ген емес. Кері­сінше, шығу тегі әртүрлі этностар Қа­зақ­станда дү­­ниеге ке­ліп, өсіп-өн­гендерін мақ­­тан тұта­ды. Өз Отан­ы­ның да­муы­на әрқай­сы­сы өз­дерінің қо­­мақты үлесін қо­сып, бел­сене ат­са­лысуға тыры­са­ды. Сон­дық­тан Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сы­ның ширек ғасыр­лық жолын та­ра­­зылай отырып, мемлекет басшысы­ның бей­­біт­­шілік пен келісім саясаты өзін-өзі толық ақтағанын атап өткен жөн. Басты фактор – Қазақстанда эт­но­саралық интеграция әуел бас­­тан азаматтық қағидаттарға не­гіз­­дел­гендігі болып отыр. Руха­ни мә­­де­­ниет­тің ортақтығы, әлеу­мет­­­­тік тұ­­тас­тық – саяси тұтас­тықты ­қам­­­тамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қатысты жаңалықтар

Жақсылықтан үміт үзбейік

azatmedia

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

«Жыныстық сауаттылық туралы оқытылады»: Ақпарат министрлігі

azatmedia