Соңғы жаңалықтар

Діннің ұғымы және мәні

Дін-қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін – адамдардың  Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі.

Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым.

Осы күнге дейін діннің біріңғай ұғымы берілмеген. Себебі діндер мен діни ағымдар дінге өздерінің түсініктерін берген. Осы тұрғыдан алғанда діннің ұғымдары әртүрлі болғанымен олардың мәні ұқсас болып келеді.

Дін және сенім деген ұғым бар. Бұл екеуі екі нәрсе. «Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы көп түрлі: «сыйлық», «үкім», «мойынсұну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», т.б жағдайларды қамтиды.

Ал «діннің» терминологиялық мағынасын, Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықтарды, ақыретте Аллаһтың ырзалығына кенелуімен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т.б.

Дін бүкіл жаратушы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Дін адамға Аллаһ Тағаланың таңғажайып даналық  жаратылысының алдындағы мақсат-міндеттерін айқындап береді. Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүтін іс әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан, тек уахиге ғана сүйенеді.

Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитын кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (Құдай, Тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм),т.б.

Дін күрделі қоғамдық құбылыс. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны жеткілікті. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу  және  діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама беру өте қиын. Егер «религия» (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда,байланыс, «екінші қайта оралу» дегенді білдіреді.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

В ИНВЕСТИЦИОННОМ ШТАБЕ ШЫМКЕНТА ПРЕЗЕНТОВАЛИ НОВЫЕ ПРОЕКТЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ШАЛҒАЙДАҒЫ АУДАНДАРҒА ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТЫЛУДА

azatmedia

ҚАНДАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ АУҚЫМДЫ

azatmedia