Соңғы жаңалықтар

Жастар арасында діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуы

Идеологиялық жоспарда экстремизм – барлық өзге бір ойларды терістеу, жек көру, тіпті оған қысымшылық жасау, өздерінің саяси және діни көзқарастар жүйесін қатаң және баламасыз түрде тұжырымдау, көшбасшысының бұйрықтарын орындау мен оған бағынуды қалыптастыру және оны табынуға айналдыру сияқты әдіс амалдарды қолданады.

Діни экстремизмнің алғы шарттары негізінде жалған діни секталар мен ұйымдар халықтың әлеуметтік осал топтарының жағдайында, әсіресе жастарды пайдалануға тырысады.

Діни терминдерді үстірт және шектеулі түрде түсінуден экстремистердің түсіндірмелері адасуға апарады. Мысалы, Ислам діні  «күпір»-сенбеушілік, «ширк»-көпқұдайлық, «иман»-сенім, «мұнафық»-екіжүзділік, «джахилидік»-білімсіздік, «жиһад»-күрес және т.б. түбегейлі ұғымдарды талқылау мен оларды бұқаралық түрде сауатты түсіндіруге тырыспайды. Керісінше, өздерінің мүшелерін, оның ішінде жаңадан қабылданған жастарды оқшау ұстау, өзге діндарлармен қарым-қатынасын шектеуді мақсат тұтады. Осылайша жалған діни ағымның фанатына айналғанша түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Қазақстанда дәстүрлі Ислам дінін насихаттайтын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның жергілікті филиал – мешіттері жұмыс жүргізеді. Дінге қатысты көкейде жүрген қандай да болмасын сауалдардың жауабын алушы аталған мешіт қызметкерлеріне жүгінген жөн. Бұл кімнің де болса да, әсіресе жастардың псевдодіндердің жетегінде кетпесіне тосқауыл болары анық.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

«Тұншығып өлеміз деп ойладым» – жезқазғандық әйел жантүршігерлік оқиғаны баяндап берді

azatmedia

Ханафи мазхабындағы ислам мен православиелік христиан діні

azatmedia

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

azatmedia