Соңғы жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні. Осыған орай аудандық аурухананың мәжіліс залында мамандығына адал, тынбай қызмет етіп жүрген ақ халатты мамандардың кәсіби мерекесі аталып өтті.

Салтанатты жиынға Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов қатысып, сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, бірнеше қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Жиында ҚР Денсаулық сақтау басқармасының министрі А.Альназарованың Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төс белгісімен Жубатова Алия Рахманбердіқызы, Республикалық Каз.Мед кәсіподақтар қоғамдастық бірлестігі төреағасы Ә.Б.Матишевтің Құрмет грамотасымен Сагитова Гульжиян, «Алтын дәрігер» төс белгісімен П.Ибрагимова, Г.Каюпова, С.Ауелбеков, Д.Ержанов , А.Құдайбергенова, Б.Мамытбеков тағы басқа бірнеше мамандар марапатталды.

Келесі құттықтау сөзді аудандық мәслихат 8 шақырылым депутаты Марат Нуран медицина күніне орай құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерге Аманат партиясының алғыс хатымен және «Алтын дәрігер» төс белгісімен марапаттады. Медицина ардагерлер ұйымының төрағасы Кәрібай Досанбаев медицина мамандарын мерекемен құттықтап «Үздік медицина маманы» төс белгісімен, «Үздік қызметкер» төс белгісімен алғыс хаттарын табыстады.Келесі сөзді Қазығұрт аудандық орталық аурухана басшысы Бекзат Маханбетұлы медицина күніне орай құттықтау сөз сөйлеп, қызметкерлерге аурухана кәсіподақ ұйымының төреағасының Алғыс хатымен медицина қызметкерлерін марапаттады.

Медицина қызметкерлер төл мерекесі қарсаңында спартакиада 16 мекеме жасақталып түрлі жарыстарға қатысты оның ішінде (футбол, валейбол , арқан тарту, 100 метрге жүгіру-ерлер және әйелдер арасында, бильярд) 1 орынды- аурухана, 2-орынды емхана бөлімі, 3- орынды №4 санатты жедел жәрдем бөлімі иеленді. Орын алған қызметкерлерге ақшалай сыйлықтар, телевизор, кондиционер, принтер, кубоктармен, медалдармен марапатталды. 

Қатысты жаңалықтар

«Түсімде табаным тоғыз жерден тілініпті…»

azatmedia

«Алтын орда» базарындағы төбелес: Оқиғаға қатысты тың дерек шықты

azatmedia

Әкімдік әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды назарынан тыс қалдырмаған

azatmedia