Ақпарат Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанның құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер мекемеге кешенді уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Бүгінде спорт кешенінің шатырына металл құрылымын орнатумен қатар, сылау жұмыстары атқарылуда. Кешеннің оқу-жаттығу базасы барлық талаптарға сай жабдықталатын болады. Сондай-ақ, жаңа нысан түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы болмақ. Екі қабаттан тұратын ғимаратта волейбол, баскетбол алаңдарымен қатар, күрес, боксқа арналған зал бар. Одан бөлек, бассейн және футболмен айналысу үшін ашық спорт алаңы болады. Кешен құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет

azatmedia

Түркістан: жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia