Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ЖІГЕРГЕН-КӨКІБЕЛ» БАҒЫТЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, Қазығұрт ауданында жалпы ұзындығы 18 шақырымға жуық облыстық маңызы бар КХ-44 «Жігерген-Көкібел» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстарды Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «АлемТрансЖол» ЖШС мердігер мекемесі атқарып жатыр.

Нысанның жөндеу жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу жұмыстары кезінде асфальт жабыны толығымен жаңартылып, елді мекендерде жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салу, жасанды жол кедергісі (ИДН) және тиісті жол белгілерін орнату қарастырылған. Салынған жолдың сапасын «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылайтын болады.

Қатысты жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «АУЫЛ АМАНАТЫМЕН» ТАБЫС ТАБА БАСТАҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Масылдықтың түп себебі неде?

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

azatmedia