Шоу-бизнес

Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталуының себебін айтты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жолдасы екеуінің ажырасуына қатысты өз шындығын ақтарды. Өнер иесі екінші некесінің сәтсіз аяқталуына не себеп болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарын қызықтырған сауалдардың барлығына жауап берді. Ол жеке өміріне қатысты тың мәліметпен де бөлісті. Әнші күйеуімен не себепті айырылысып кеткенін түсіндірді. Айтуынша, жолдасы отбасына қиянат жасаған.

«Алланың аманатына (әйел, бала-шаға) қиянат жасалды», – деп мәлімдеді Мөлдір.

Екі рет некеде болып, бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші ештеңеге қарамастан, тағдырына риза екенін жеткізді. 

«Әлхамдулиллях разымын! Қос қанатымның барына шүкір! Ата-анам, бауырларым, қолдаушы халқым аман болсын!» – деп жазды ол.

Айта кетейік, 2020 жылы Әуелбекова екінші мәрте тұрмыс құрған болатын. Өткен айда әнші күйеуімен ажырасқанын хабарлады.

Қатысты жаңалықтар

Танымал эстрада жұлдызы екінші рет коронавирус жұқтырды

azatmedia

Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қағып кетті

azatmedia

Димаш әлемдегі үздік әншілердің үштігіне енді

azatmedia